USD
USD
USD

Симптомсыз вирус қауіпті ме?

«Супертасымалдаушылар» немесе «супердистрибьюторлар» дәрігерлер коронавирустың симптомсыз түрімен ауырған адамдарды осылай атайды. Бұл туралы Алматы қалалық ауруханасының бөлім басшысы Руслан Иминджанов айтты.

Симптомсыз вирус қауіпті ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дәрігердің айтуынша, симптомсыз тасымалдаушылардың ағзасындағы вирус бір-екі аптадан кейін білінеді. Жағдайы орташа пациенттерде вирусты ПТР -тест үш аптадан кейін көрсетуі мүмкін. «Бүгінгі таңда вирус халықтың барлық тобына қауіпті. Симптомсыз түрі қауіп мүлдем жоқ деген сөз емес. Мұндай науқастардың көңіл-күй жақсы болғанымен, қанында бәрібір вирус болады. Яғни, ол қоршаған ортаға белсенді түрде таратады. Дәрігерлер оларды «супертасымалдаушы» немесе «супердистрибьюторлар», – деп атайды.

Өйткені оларда аурудың белгілері болмауы мүмкін. Басты қауіп осында. Науқас аз ғана уақыт ішінде бірнеше адамға жұқтыруы мүмкін», – дейді Руслан Иминджанов.

Симптомсыз науқастар анықталған кезде карантиндік шараларды сақтай отырып, үй жағдайында медициналық бақылау ұсынылады. Коронавирус инфекциясы иммундық жүйесі жақсы және денсаулығы мықты жастарда симптомсыз өтеді.

«Мен тұрғындардан, әсіресе Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аурудан барынша қорғануларын сұраймын. Әлеуметтік арақашықтықты сақтауды ұмытпаңыздар. Адам көп жиналатын орындарға бармаған жөн. Маска тағып жүруді әдетке айналдыратын уақыт келді. ЖРВИ белгілері болса үйден шықпаңыз, дәрігерді үйге шақырыңыз, коронавирустық инфекцияға арналған ПТР анализін тапсырған дұрыс. Өзіңізді оқшаулау арқылы балаларды және егде жастағы отбасы мүшелерін қорғаңыз», – деді дәрігер.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт