USD
USD
USD

«Симптомды» науқастардың саны артты

Алматыда «симптомды» науқастардың саны артты. 

«Симптомды» науқастардың саны артты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда «симптомды» науқастардың салыстырмалы салмағы алдыңғы аптамен салыстырғанда 93%-дан 94% - ға дейін артты, бұл айналымдағы COVID-19 нұсқасының жоғары патогенділігін көрсетеді»,- дейді ол.

Сонымен қатар, ол коронавирусқа неғұрлым бейім контингент - 20-дан 60 жасқа дейінгі азаматтар екенін атап өтті.

«Көбіне 20-39 жас аралығындағы жастар ауырды. Олардың үлесі 35,6% болды. 40-59 жас аралығындағы контингенттің 24,2% және 60 жастан асқандардың 23% тіркелген, бұл барлық жағдайлардың 83% - ын құрайды. 60 жастан асқан адамдардың ауыр халде және 1 жасқа дейінгі балалардың сырқаттанушылығының 1,5% - ға тұрақты өсуі алаңдатады»,-дейді Жандарбек Бекшин.

Спикер брифинг барысында қалада инфекция жұқтыратын негізгі бес орынды атады.

«Ең бірінші орында сауда нысандары - 35 пайыз. Өткен аптада бұл көрсеткіш 3 пайызға өсті. Кейін отбасындағы байланыс - 18 пайыз, қоғамдық көлікте - 17,6 пайыз. Өсім - 1,4 пайыз. Төртінші - базарлар. Адамдар негізінен, 13 пайызы, азық-түлік базарында вирус жұқтырған. Бесінші - отбасылық іс-шаралар, той, мереке, қоғамдық шаралар. Тамыздан бастап барлық өңірде тойлар көбейіп жатыр. Онда вирус жұқтырғандар саны 2,1 пайызға көбейгенін айтқым келеді», - деді Жандарбек Бекшин.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев