USD
USD
USD

Симона Уильямс Гиннестің рекордтар кітабына кірді

Нью-Йоркт тұрғыны Симона Уильямс шаш үлгісінің көлемі бойынша Гиннестің әлемдік рекордын жаңартты.

Симона Уильямс Гиннестің рекордтар кітабына кірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қыздың африкалық шаш үлгісі ресми түрде әлемдегі ең үлкен болып танылды. Оның биіктігі 20,5 сантиметр, ені 22,5 сантиметр, ал айналдыра 1,48 метрді көрсеткен. Уильямсқа шаштарын осындай көлемге дейін өсіру үшін тоғыз жыл қажет болған.

«Мен шамамен 23 жасымда табиғи шашымды өсіремін деп ұйғардым. Бұл алғашында пәтеріме көшу үшін шаштаразға жұмсалатын ақшаны үнемдеуім арқылы шығындарды азайтудан басталды», – деді рекордшы.

Ол шашын сульфатсыз сусабындармен жуып, кондиционерді көп қолданады екен. Ал шашы шатасып қалмауы үшін, оны 8 кішкентай бөлікке бөліп, олар өзі кепкенше күтеді.

«Шашымды ретке келтірсем, ол үлкен әрі сәнді болып шыға келеді, көбінің көзіне түсемін, адамдар жағымды пікір айтады. Мұндай шаш үлгісі - менің кім екенімді көрсетеді. Көптеген жыл бойы қара нәсілді әйелдер бостандық символы ретінде осындай афромен жүрген, мен де үйден табиғи шашыммен шыққан кезде еркіндік пен сенімдікті сеземін», – дейді Уильямс.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy