Симба атты арыстан Алматыға келді
Симба атты арыстан Маңғыстаудан Алматы зообағына жеткізілді.
Алматы, NEGE. «Симба атты арыстан Алматыға ұшып келді. Жыртқыш қазір зообақта. Өзін жақсы сезінеді. Бүкіл ел Ақтауды у-шу қылған арыстанның жағдайын бақылаған еді. Енді сіздермен Симбаның зообақтағы өмірімен бөлісетін боламыз», - деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет бейсенбі күні.
Бұған дейін хабарлағандай, Симба атты арыстанды Маңғыстау облысынан Алматы зообағына көшіретіні хабарланған еді.
Еске салсақ, 25 маусымда сағат 05.30-да жергілікті тұрғныдардан Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылдық жерінде көшеде арыстанның жүргені туралы хабар келіп түскен, кейін оны полиция депаратменті мен Маңғыстау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының мамандары ұстады. Кейін аңның иесі де анықталып, арыстанды заңсыз ұстағаны үшін Т27 мың айыппұл салынды.
Арыстан СИТЕС (құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция) конвенциясының тізіміне енгізілген.