USD
USD
USD

СІМ: Түркиядан медицина жабдықтарын Қазақстанға жібере алмай жатқаны шындыққа жанаспайды

 Түркиядағы қазақ диаспорасы қаражатынан алынған медициналық бұйым мен жабдықтардың екі аптадан бері Қазақстанға жіберілмей жатқандығы жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

СІМ: Түркиядан медицина жабдықтарын Қазақстанға жібере алмай жатқаны шындыққа жанаспайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Әлеуметтік желілерде Түркиядағы қазақ диаспорасы қаражатынан сатып алынған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықтардың екі аптадан астам уақыт ішінде Қазақстанға жіберілмей жатқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, Үкімет бұл жүкті Қазақстанға жеткізуге көмек көрсетуді әдейі созып отыр деген ақпарат негізсіз.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Анкара мен Ыстанбұл қалаларынан Түркия үкіметінен ресми гуманитарлық көмекті, Түрік қазақтары қауымдастығы (KATEAD) мен Қазақстан азаматтарының бастамашыл тобы сатып алған жүкті елімізге жеткізуді пысықтап жатқандығын хабарлаймыз», делінген министрліктің Telegram-дағы парақшасында. Бұл жүктерді жеткізудің жалпы үйлестіру жұмыстарын Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі жүзеге асырады. Сондай-ақ, осы ынтымақтастық туралы ақпаратты KATEAD сайтында жариялады. «Жүктерді авиакомпаниямен Анкара-Алматы бағыты бойынша жеткізу ағымдағы жылдың 14 шілдесіне жоспарланған. Осы ретте жалған немесе тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз», делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды

Жағажай

Оралда 272 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берген шенеунік қатаң сөгіс алды

Шенеунік

Алматыда Қырғызстан студенттерін онлайн-казиноның ақша айналымына пайдаланған

Күдікті

«Байлығым, барым, әкімім»: Абай облысының әкімдігі Берік Уәлиді мадақтаған әнді өшіруді талап етті

Берік Уәли