USD
USD
USD

СІМ Тигран Кеосаянды персона нон грата тізіміне қосуға қатысты процесті бастады

Қазақстанның

СІМ Тигран Кеосаянды персона нон грата тізіміне қосуға қатысты процесті бастады
Фото: NEGE.kz

Сыртқы істер министрлігі ресейлік режиссер Тигран Кеосаянды нон грата тізіміне, яғни Қазақстанға келуге тыйым салынған адамдардың тізіміне қосу процесін бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. "Бұл процесс басталды", – деп растады министрліктің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров ҚазТАГ редакциясына. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ресейлік тележүргізуші, белгілі режиссер Тигран Кеосаян Қазақстанға сес көрсете сөйлеген видосы тараған еді. Ол "Украинаға қарап, жақсылап ойланыңдар, оң-солдарыңды дұрыстап таныңдар" деген мағынада үн қатқан болатын.

Ол Қазақстанда 9 мамырда өтетін әскери парадтың тоқтатылуына көңілі толмайтынын айтып, Ресейдің "жауапты тұлғалары" "қарым-қатынас деңгейін қайта қарауы керек" екендігін мәлімдеген еді. Тигран Кеосаян - RT телеарнасы, "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігі және Sputnik ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньянның күйеуі.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити