USD
USD
USD

СІМ Қазақстан Шенген бойынша «қара тізімге» енді деген ақпаратқа түсініктеме берді

  БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко «Қазақстан Шенген бойынша «қара тізімге» енді» деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 

СІМ Қазақстан Шенген бойынша «қара тізімге» енді деген ақпаратқа түсініктеме берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство басшысының орынбасары Шенген келісімі аясында бір елдің бастамасымен келесі бір мемлекетті «қара тізімге» енгізу тәртібі қарастырылғанын атап өтті.

«Мұндай шешім күнтізбелік 7 күн ішінде қаралады. Шынында да бұл тізімде ұзақ жылдар бойы болмаған Қазақстан Еуропа елдерінің бірінің бастамасымен «қара тізімге» енді. Әзірге қандай мемлекеттің ұсынысы екенін білмейміз», - деп жауап берді Роман Василенко.

Министрдің орынбасары бұл мәселені зерделеп, тиісті шешімнің қабылдануына не себеп болғанын анықтауға тырысатынын жеткізді.

«Олар бізге қай елдің мұны істегенін және қандай себеппен жасағанын айтуға, ақпарат ұсынуға міндетті емес. Бірақ біз келіссөз жүргізу арқылы мәліметті анықтаймыз деп үміттенеміз», – деп түйіндеді Р. Василенко.

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар