2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Silk Way Star финалистері анықталды

Астанада Азиядағы алғашқы ірі вокалдық мегажоба – Silk Way Star жобасының жартылай финалы аяқталды. 

ALEM, Silk Way Star
Фото: ALEM, Silk Way Star

Астана, NEGE. 12 елдің орындаушыларын біріктірген және әлем бойынша миллиондаған көрермен жинаған бұл музыкалық шоудың 9-шы эпизоды маусымдағы ең шиеленіске толы әрі әсерлі шығарылымдардың бірі болды.

Жартылай финал қорытындысы бойынша ақтық кезеңге мына әншілер өтті:

  • ALEM (Қазақстан)
  • Язмин Азиз (Малайзия)
  • Автандил Абесламидзе (Грузия)
  • Мишель Джозеф (Моңғолия)
  • Чжан Хэ Сюань (Қытай)
  • Саро Геворгян (Армения) 
  • Мадинабону Әділова (Өзбекстан)

Финалдық эпизод 22 қарашада сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляциялар бір уақытта Қазақстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Моңғолияда өтеді.

Алғашқы азиялық мегажобаның жеңімпазы аралас жүйе бойынша анықталады: 50% – қазылар шешімі, 50% – онлайн дауыс беру. Әрбір көрермен silkwaystar.org сайтында өзінің сүйікті қатысушысын қолдай алады.

Silk Way Star жобасы Қазақстан Республикасы президенті телерадиокешені мен Қытайдың China Media Group (CMG) медиа корпорациясы арасындағы келісім аясында жүзеге асырылып келеді.

Қазір оқып жатыр

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов