USD
USD
USD

Сиырды қаққан көлік ішінде бір адам қаза болды

Алматы облысының полициясында сиырды қағу дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сиырды қаққан көлік ішінде бір адам қаза болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға хронологиясын қайталаған полиция қызметкерлері 21 шілде күні сағат 22:27 шамасында ер адамның басқаруында болған “Мазда-626” маркалы автокөлігінің “Алматы-Өскемен” автожолымен оңтүстік бағытта қозғалғанын және Қапшағай қаласынан бес шақырым жерде жануарды қағып кеткенін анықтады. Оқиға салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы зардап шекті. Екеуі де ауыр дене жарақаттарымен Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді. Алайда, жолаушының алған дене жарақаттарының ауыр болуы салдарынан таңертең ол жан сақтау бөлімінде көз жұмды. ЖКО дерегі ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша тіркеліп, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Жол-көлік оқиғасының барлық себептері мен жағдайлары сотқа дейінгі тергеу барысында қосымша анықталатын болады.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны