Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сібірді су басуы мүмкін

Егер жағдай қолайсыз болса, Ресейдің Сібір федералды округінің аймақтарында 190 мың халқы бар 750-ден астам елді мекенді су басуы ықтимал.

Сібірді су басуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Сібір федералды округі субъектілеріндегі су тасқынына және өрт қауіпті кезеңіне дайындық мәселелері бойынша өткен кеңесте РФ Президентінің Сібір федералды округіндегі өкілетті өкілі Анатолий Серышев мәлімдеді.

«Көктем жақындап келеді, осы кезеңде Сібірде ауа райы құбылмалы болады, жағдайдың күрт өзгеруіне бәріміз дайын болуымыз керек. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, егер жағдай ушығатын болса, өңірлерде шамамен 190 мың тұрғыны бар 750-ден астам елді мекен, 400 шақырымнан астам жол және 200-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысанды су басуы мүмкін, – деді ол.

Өкілетті өкіл билікке Ресей Төтенше жағдайлар министрлігімен және басқа құрылымдармен бірлесіп, қауіп пен ықтимал зардаптарды азайту үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел