USD
USD
USD

Сібір тау текесін атқан испан азаматтары ұсталды

2-ші тамыз кешкі сағат 19:30 шамасында Жоңғар-Алатау паркінің мемлекеттік инспекторларының кезекті рейд барысында, Тоқты мемлекеттік табиғи қаумалы аумағынан «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы автокөлік тоқтатылып, ішінде болған ҚР азаматы және екі испан азаматтары ұсталды.

Сібір тау текесін атқан испан азаматтары ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Көлікті тінту барысында жүк салу бөлігінен 2 дана Сібір Тау текелерінің бастары терісімен және екі қапқа салынған салмағы 60-62 кг еттері, сондай-ақ екі шет ел азаматына тиесілі екі қару құралдары, маркасы Mannlicher, екіншісі Блейзер тәркіленді.

Аталған факті бойынша тергеп тексеру амалдарын жүргізу үшін Жетісу облысы Алакөл аудандық полиция бөліміне жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт