USD
USD
USD

Сібір елігін атқан төрт ер адам ұсталды

СҚО-да Сібір елігін атқан төрт ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сібір елігін атқан төрт ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының полициясына Kia Sorento жол талғамайтын көлігін мінген бейтаныс адамдардың Жалтыр көлі маңында жануарлардың етін мүшелеп жатқаны туралы телефон қоңырауы келіп түсті. Полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы төрт ер адамды ұстады.

Анықталғандай, ұсталғандар екі сібір елігін атып алған. Тексеру барысында полиция қызметкерлері оқиға орнынан екі пышақ, Вепрь маркалы карабиндер, тегіс ұңғылы мылтық, патрондар тәркіледі.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов