USD
USD
USD

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтан мемлекетке 4,7 млрд теңге залал келген

Маусым айында Қазақстанда 125 сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы тіркелген.

жемқорлық қылмыстары
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, cыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі – парақорлыққа қатысты қылмыстар. Парақорлық бойынша өткен айда барлығы 97 дерек тіркелген. Одан кейінгі орындарда алаяқтық және лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану, жымқыру қылмыстары тұр.

Қылмыстық істер бойынша 67 адам күдікті деп танылған. Тергеушілер 149 қылмыстық істі тергеуді аяқтап, оның 129-ын сотқа жолдаған.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал көлемі 4,7 млрд теңгені құрап отыр. Бюджетке соның 2,1 млрд теңгесі қайтарылған. Сондай-ақ құны 971,4 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынған.

Ұлттық қауіпсіздік қызметі бұл бағыттағы жұмыстың жалғаса беретінін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы

Полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты

Қостанай ПД