USD
USD
USD

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысы бәсеңдеп қалды ма?

Қоғам меморганның жұмысында тиісті оңтайлы өзгерістер болғанын көруі тиіс. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысы бәсеңдеп қалды ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президенттің айтуынша, адамдар шенеунікті немесе қандай да бір басшысының жауапкершілікке тартылуы жағдайымен қатар, олар қызмет еткен меморганның жұмысында тиісті оңтайла өзгерістер болғанын көруі тиіс. Яғни осындай өзгерістер сыбайлас жемқорлық сияқты теріс әрекеттердің қайталанбауына ықпал етуі керек. Мемлекет басшысы кешенді әрі алдын алу жұмыстары тиісті деңгейде еместігін атап өтті. «Індеттің таралуы кезінде дәрі-дәрмектің тапшылығынан кейін медицинадағы сыбайлас жемқорлықты тексеріп, анықтай бастады. Ондаған миллиард теңге жұмсалғаннан кейін осы саладағы цифрландыру кезіндегі кемшіліктер жайында қазір айтылып отыр. Қазіргі кезде білім беру, жұмыспен қамту әрі әлеуметтік нысандарға қомақты қаражат бөлудеміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент бұл салаларда қаражат жымқыру жағдайларының болмайтынына кепілдік жасалуы керектігін жеткізді. «Бұл бағыттағы жұмысты түбегейлі қайта құру керек деп пайымдаймын. Бүгінде мемлекет пен азаматтардың күш-жігерін біріктіретін уақыт келді. Сыбайлас жемқорлық – ол тереңде жатқан әлеуметтік індет. Оны жалпы күш-жігермен ғана жеңе аламыз. Қоғамдық бақылаудың жаңа формалары және басқарушылық шешімдердің барынша ашықтығы керек», - деді Президент.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы