USD
USD
USD

«Сыбағадан» сыбаға

Түркістандық кәсіпкерлер «Сыбаға» бағдарламасының көмегімен кәсіптерін дөңгелетіп отыр, деп хабарлайды әкімдік.

«Сыбағадан» сыбаға
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Машат ауылының тұрғыны Е.Төлепбеков мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасының көмегімен жеке шаруашылығын ашып, өз ісін дөңгелетіп отыр. Ол жеңілдетілген несие алып, оған 75 бас ірі қара малын сатып алған.

Кәсіпкердің алдына қойып отырған мақсаты – ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытып, шетелдерге өзі өндірген өнімді экспорттау.

Ауданда аталған бағдарламағаның шарапатын көріп отырғандар аз емес. Мәселен, былтырдың өзінде 10-нан астам шаруа қожалығы осындай жолмен мал басын көбейтіп, өңірімізді ғана емес, өзге облыстарды да етпен қамтып келеді. Шаруашылықтың осы бағытына қолдау білдіру мақсатында ауданда ет өңдейтін кешенмен, сүт фермасы салынған. Алдағы уақытта мұндай өндіріс орындарының қатары артатын болады.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ арқылы 70 млн теңгеге дейін несие рәсімдеуге болады. Тек ет бағытындағы шаруашылыққа берілетін қаржыны 4 пайыздық үстемемен 15 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.

Айта кетейік, Түлкібас ауданында ҚР-ның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл ірі қара мал басы санын 265-ке жеткізу керек болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 299-ға жетіп, жоспар 112,8 пайызға орындалған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай