USD
USD
USD

Си Цзиньпин Путиннің шақыртуымен келесі аптада Ресейге барады

Қытай басшысы Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен 20-22 наурызда Ресейге барады.

Си Цзиньпин Путиннің шақыртуымен келесі аптада Ресейге барады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Келіссөздер барысында Ресей мен Қытай арасындағы жан-жақты әріптестік қатынастарды және стратегиялық өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланады», - делінген хабарламада.

Сапар барысында Мәскеу мен Бейжіңнің халықаралық аренадағы ынтымақтастығын тереңдету жөнінде де пікір алмасу жоспарланған.

Келіссөздер нәтижесінде бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қойылады, деп атап өтті Кремль.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэнбин ҚХР төрағасының Ресейге сапары екі ел арасындағы өзара түсіністік пен сенімді одан әрі нығайта түсетінін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар