USD
USD
USD

Си Цзиньпин ҚКП басшысы болып үшінші мерзімге сайланды

23 қазанда 20-шы шақырылымдағы ҚКП Орталық комитетінің бірінші пленумы өтті, онда саяси бюро мен оның тұрақты комитетінің құрамы жаңадан бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Си Цзиньпин ҚКП басшысы болып үшінші мерзімге сайланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қытай Коммунистік партиясының Орталық Комитеті (ҚКП Орталық Комитеті) Си Цзиньпинді үшінші мәрте Бас хатшы етіп қайта сайлады.

Си Цзиньпин - 2012 жылдан бастап Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, 2013 жылдан бастап Қытай Халық Республикасының төрағасы, ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы.

Сенбі күні отырыс барысында Қытайдың бұрынғы басшысы Ху Цзиньтао компартияның съезі кезінде залдан кетуге мәжбүр болды.

2018 жылдың 11 наурызында Қытайда ел басшысының билік ету мерзіміне қатысты шектеу жойылды. Бұған дейін ҚХР төрағасы өз қызметін тек екі бес жылдық мерзімде атқаруға құқылы болған.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов