USD
USD
USD

Си Цзиньпин Қытайдағы коронавирустың таралуы үдеп кеткенін мойындады

Қытай басшысы Си Цзиньпин қытайлық жаңа жыл мерекесіне қатысты өткен үкіметтің  арнайы жиналысынан кейін жаңа індетті ауыздықтау қиынға түсіп жатқанын мәлімдеді.

Си Цзиньпин Қытайдағы коронавирустың таралуы үдеп кеткенін мойындады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Си Цзиньпин үкімет мүшелеріне елдің «ауыр жағдайда қалғанын» айтқан. Жаңа жыл қарсаңында Ухань қаласынан тарай бастаған жаңа індетке шалдыққандар қатары  күн сайын көбеюде. Қазір Қытайдың бірқатар қаласына кіріп-шығуға шектеу қойылған. Жексенбіден бастап Ухань қаласының орталығында жеке көліктердің жүруіне тыйым салынады.

Қытай билігі бірнеше апта ішінде осы қалада коронавирус індетін жұқтырғандарға арналған 1 300 орындық жаңа аурухана салып бітірмек. Одан кейін бір-екі аптадан соң тағы осындай екінші жаңа аурухана пайдалануға беріледі. Қытайдың көп қаласында сенбі күні басталған  қытайлық жаңа жылға байланысты жоспарланған  шараларды өткізуге тыйым салынған.

Жаңа коронавирустың белгілері қандай?

Жаңа вирус ауа арқылы жұғатын ауыр жұқпа түріне жатады.  Алғашында адамның қызуы көтеріліп, жөтеле бастайды. Бір аптадан соң адамның тыныс алуы қиындап кетеді. Дәрігерлер бұл індеттен көз жұмғандардың дені бұрыннан денсаулығы нашар, жүрек-қан тамырлары дертіне шалдыққандар екенін айтады.

Вирус қаншалықты тез тарайды?

Ұлыбританиядағы жұқпалы ауруларды сараптау Орталығының ғалымдары Қытайдағы індетті әлемге таратпай ауыздықтау қолдан келмейді деп болжауда. Олардың айтуынша, адамнан адамға жұғатын коронавирус індетінің ауқымы өте үлкен болады. Мамандардың есебінше, ауру жұқтырған әр адам орташа 2,5 адамға таратады. Орталық өкілдері індетті тоқтату үшін вирустың жайылу деңгейін кемінде 60%-ға төмендету керектігін айтады.  

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

Нұрсұлтан Назарбаев

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты

Баян Алагөзова