2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Си Цзиньпин соғысқа дайындықты күшейтпек

Қытай басшысы Си Цзиньпин Қытай армиясын «соғысқа дайындықты жан-жақты күшейтуге шақырды. 

Қытай әскері
Фото: oxu.az

Алматы, NEGE. Қытай басшысы Си Цзиньпин Қытай армиясын «соғысқа дайындықты жан-жақты күшейтуге және әскерлердің сенімді жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуге» шақырды, деп хабарлайды РБК. 

Бұл туралы ол Қытай Халық-азаттық армиясының зымыран бригадасында болған кезде айтты.

Қытай Халық Республикасы төрағасының айтуынша, қытайлық сарбаздар «өздерінің стратегиялық тежейтін ​​және жауынгерлік мүмкіндіктерін күшейтуі керек».

Си Цзиньпиннің мәлімдемесі Қытай әскері Бейжің өз территориясы деп санайтын Тайвань маңында ауқымды жаттығулар өткізгеннен кейін бірнеше күн өткен соң жасалды.

14 қазанда Қытай армиясы Тайвань маңындағы су айдындарында оқу-жаттығулар өткізді. Аға полковник Ли Си бұл жаттығу Тайвань тәуелсіздігіне ұмтылған «сепаратистік күштерге» арнайы «қуатты» тосқауыл болу үшін жасалғанын айтты.

Тайвань билігі Қытай әскери жаттығуларын арандатушылық деп атады. Жаттығу барысында аралдың әуе қорғанысы аймағына 90 ұшақ, тікұшақ және ұшқышсыз ұшақтар кірді.

Қытай Мемлекеттік кеңесінің Аралдар істері басқармасының төрағасы Чен Бинхуа Тайвань Қытаймен қақтығыс өршіп кетсе, елдің жойылуы мүмкін екенін ескертті.

«Біз ешқашан күш қолданудан бас тартуға міндеттеме бермейміз. Тайваньның қанша әскері бар немесе қанша қару сатып алғаны маңызды емес және сыртқы күштердің араласқаны немесе араласпағаны да маңызды емес. Тайвань тәуекелге баруға батылы барса, бұл өзінің жойылуына әкеледі», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақжол Темірәлиев

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді

Әскерилер өлімі

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Күдіктілерді ұстау сәті