USD
USD
USD

Си Цзиньпин АҚШ-ты біржақты сауда шектеулерін енгізуден бас тартуға шақырды

Қытай америка тарапы АҚШ-қа инвестиция салып жатқан қытайлық кәсіпорындар үшін әділ, алаламайтын бизнес-орта қалыптастырады деген үмітте. 

АҚШ
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы болған әңгіме барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Оның сөзі Қытайдың сыртқы істер ведомствосының сайтында жарияланды.

– TikTok мәселесіне қатысты Қытайдың ұстанымы түсінікті. ҚХР Үкіметі корпорацияның ниетін құрметтейді және мүдделердің тепе-теңдігін сақтай отырып, Қытай заңдары мен ережелеріне сәйкес келетін тиісті шешім қабылдау үшін нарық талабына сай комммерциялық келіссөздер жүргізуді қолдайды, – деп келтірді Си Цзиньпиннің мәлімдемесін Қытай СІМ сайты.

Си Цзиньпин Қытай мен АҚШ арасындағы қатынастардың маңыздылығын атап өтті. Біздің сауда-экономикалық мәселелер бойынша командаларымыздың арасында жуырда болған консультациялар теңдік рухы мен өзара құрметті көрсетті.

– АҚШ-тың көптеген келіссөздердің барысында қол жеткізілген жетістіктердің нәтижесін жоққа шығаратын біржақты сауда шектеулерін енгізуден бас тартқаны дұрыс, – деп келтірді Қытай төрағасының сөзін СІМ ресми сайты.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің сайты келтірген АҚШ президенті Дональд Трамптың сөзінше, Америка тарапы Қытаймен ұзақмерзімді және берік қарым-қатынасты қолдауға ұмтылады. Вашингтон екіжақты экономикалық және сауда ынтымақтастығын дамытуға тырысады, екі команда арасында болып жатқан консультацияларға қолдау көрсетеді және TikTok мәселесінің де тиімді шешімін табуға тырысып жатыр.

– АҚШ бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау үшін Қытаймен бейбіт қарым-қатынаста болу жолында жұмыс істейді, – деп келтірді Қытай Сыртқы істер министрлігінің сайты АҚШ президентінің сөзін.

Қазір оқып жатыр

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу