USD
USD
USD

«SHYMKENT JASTAR LIGASY» жеңімпаздары анықталды

Шымкенттегі жоғары және арнаулы оқу орындары арасында өткен спорттық дода өз мәресіне жетті. 

«SHYMKENT JASTAR LIGASY» жеңімпаздары анықталды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Жоғары спорт шеберлігі мектебінде «Shymkent jastar ligasy» жобасының қатысушыларына құрмет көрсетіліп, жеңімпаздар марапатталды. Жарыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып ұйымдастырылған болатын.

Дүбірлі доданың жабылу рәсімінде сөз алған қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, аталған жобаның ауқымы кеңейіп, татулық пен достықты ту еткен біріншіліктің тартысты болғанын айттып өтті. Сонымен қатар, жүлдегер атанған жастарды жеңістерімен құттықтады. 
– Қала әкімінің қолдауымен өткен жылы Жастар лигасының бірінші кезеңін өткізген болатынбыз. Биыл жаңа оқу жылында жоғары және арнаулы оқу орындарынан да командалар жарысқа қатысуға ниет білдірді. Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырып, спорттың бұқаралығын арттыру. Аталған жарыс бақталастық емес, достық қарым-қатынасты нығайтуға сеп болады деп сенеміз, - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Спорттық сайысқа жоғары және арнаулы оқу орындарынан жалпы 98 команда қатысқан. Олар футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорт түрлерінен бақ сынады. Тартысты дода нәтижесінде жеңіске жеткендерге кубок пен медальдар табысталды.

Салтанатты жиын соңында жас гимнастшылар өнер көрсетіп, іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек