USD
USD
USD

«SHYMKENT 2200: ТУРИСТІК КРЕАТИВТІ ҚАЛА БЕЙНЕСІ КОНКУРСЫНА 70-ТЕН АСА ӨТІНІМ ТҮСТІ

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынған «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» конкурсына өтінім беру кезеңі аяқталды.

«SHYMKENT 2200: ТУРИСТІК КРЕАТИВТІ ҚАЛА БЕЙНЕСІ КОНКУРСЫНА 70-ТЕН АСА ӨТІНІМ ТҮСТІ
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Жалпы, конкурсқа 6 сала бойынша 70-тен аса өтінім түскен. Олар – медиа, IT-жоба, креативті архитектура, туризм саласындағы креативті қызметтер, қаланың қолөнер бренді және гастрономия (Шымкент дәмі).

Өтінімдердің басым бөлігі IT-жоба мен креативті сәулет салаларының үлесінде. Әр жобада Шымкент қаласын креативті қалаға айналдыру мақсатында шаһарда бұрын-соңды болмаған дүниелер де бар. Айта кетейік, конкурс қатысушылары 26-27 қыркүйекте өтетін форум-көрмеде марапатталады.

Барлық қатысушы бағалы сыйлықтарға және сертификаттарға ие болады. Жалпы, конкурсқа өтінім қабылдау 9-24 қыркүйек аралығын қамтыған болатын.

Қазір оқып жатыр

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком

Қазақ және мыс. Владимир Ким НЕГЕ ақша санауда?

Казақмыс