2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Швейцарияда Домбыра күні мен Абайдың 180 жылдығы аталып өтті

Швейцарияның италиян тілді кантонының экономикалық және мәдени астанасы Лугано қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Қосанованың Домбыра ұлттық күні мен ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған концерті өтті.

Абай
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов домбыра қазақ халқының тарихи жадының, рухани қуаты мен ұлттық бірегейлігінің ажырамас нышаны екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Абайдың 180 жылдық мерейтойына ерекше тоқталып, оның қазақ қоғамының рухани қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесін, әрі мұрасы жаңа ұрпақ үшін маңызды адамгершілік бағдар мен шабыт көзі болып қала беретінін айтты.

А. Қосанова көрермендерге ерекше әсер қалдырған жарқын және мазмұнды бағдарлама ұсынды. Мемлекеттік құрылымдар, қоғам қайраткерлері, ғылыми және іскер топ өкілдері оның өнеріне зор қызығушылық танытты. Домбырамен орындалған шебер туындылар мен Абай шығармашылығына арналған терең вокалдық шығармалар көрермендерге Қазақстанның бай да бірегей мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Концерттің Луганода өтуі Қазақстан мен Швейцария арасындағы мәдени қарым-қатынастарды дамытуда маңызды қадам болып табылады және 2016 жылы Алматы мен Лугано арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум рухына сай жүзеге асты.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті