USD
USD
USD

Швецияда парламент сайлауы өтіп жатыр

Бүгін Швецияда парламенттік сайлау өтіп жатыр. Онда ел азаматтары бір палаталы Риксдагтың 349 депутатын сайлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Швецияда парламент сайлауы өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Риксдаг мүшелері пропорционалды жүйе бойынша төрт жылға сайланады.

Швеция аумағы Риксдагтың 310 мандаты бекітілген сайлау округтеріне бөлінеді. Қалған 39 мандат – «теңестіруші», ол бүкіл ел бойынша дауыс берудің жалпы нәтижелері бойынша толтырылады.

Парламентке өту үшін партия парламенттік сайлауда кем дегенде 4% дауыс жинауы керек. Қазіргі сайлауға дейін парламентте мына партиялар ұсынылды: Орталық партиясы – 31-орын (8,61%); Христиан демократтары – 22-орын (6,32%); Либералды партия – 20-орын (5,49%); Жасылдар партиясы – 16-орын (4,41%); Қалыпты коалициялық партия – 70-орын (19,84%); Социал-демократиялық жұмысшылар партиясы – 100-орын (28,26%); Швед демократтары – 62-орын (17,53%); Солшыл партия – 28-орын (8,00%).

Премьер-министр Магдалена Андерссонның солшыл орталық Социал-демократиялық жұмысшы партиясы осы сайлауда Қалыпты коалициялық партиясындағы консерваторларына, сондай-ақ көтеріліп келе жатқан «Швед демократтары» қлзғалысына қарсы тұр.

Қазіргі сауалнамалар бойынша, шамамен 30% дауыспен социал-демократтар партиясы бірінші орында, одан кейінгі орындарда швед демократтары шамамен 20% және Қалыпты коалициялық партия 17% дауыспен тұр.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов