USD
USD
USD

Швеция азаматшасы қос азаматтық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Швеция азаматшасы қос азаматтық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Швеция азаматшасы қос азаматтық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Швеция азаматшасын Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін ұстады.

Көлік полицейлері Қазақстан Республикасы мен Швецияның қос азаматтығы бар 57 жастағы әйелді ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімі бойынша Швеция азаматшасы 200 АЕК (690 мың теңге) сомасына әкімшілік айыппұл түрінде жауапқа тартылды. Сондай-ақ Қостанай станциясының теміржол вокзалында 56 жастағы Ресей Федерациясының азаматы анықталып, ұсталды.

Ол теміржол вокзалы ғимаратында жолаушыларды мазалап тиісіп, қайыр сұраған. Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 3-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Сот ер адамды үш тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарды.
 

Қазір оқып жатыр

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат