USD
USD
USD

Швейцария тауларында 37 жыл бұрын жоғалып кеткен альпинистің сүйегі табылды

Альпинистер 37 жыл бұрын Швейцариядағы әйгілі Маттерхорн маңындағы мұздықта із-түссіз жоғалып кеткен неміс альпинисінің сүйегін тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Швейцария тауларында 37 жыл бұрын жоғалып кеткен альпинистің сүйегі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 12 шілдеде Швейцарияның Церматт аулы маңындағы Теодул мұздығына саяхат жасаған альпинистер адам қалдықтары мен бірнеше құрал-жабдық тапты, деп жазды CNN.

"ДНК сараптамасы 1986 жылдан бері із-түзсіз жоғалып кеткен альпинистті анықтауға мүмкіндік берді. 1986 жылдың қыркүйегінде сол кезде 38 жаста болған неміс альпинисі жоғалып кеткен", - делінген полиция хабарламасында.

Билік қардан шығып қалған қызыл баулары бар жалғыз аяқ киімнің, сондай-ақ жоғалған адамға тиесілі асай-мүсейдің суретін жариялады.

Швейцария полициясы мұздықтардың шегінуі бірнеше ондаған жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен альпинистерді табуға септігін тигізіп жатқанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті