USD
USD
USD

Швейцария АЭС-ке қарсы

Швейцариядағы 5 атом электр стансациясының біреуі жұмысын тоқтатты. Мюленберг қаласындағы қуаттылығы 373 мегават болатын станция 1972 жылы ашылған болатын.

Швейцария АЭС-ке қарсы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жарты ғасырға жуық жұмыс істеген станция елдегі сұраныстың толық 5 пайызын қамтамасыз еткен. 2011 жылы Жапониядағы "Фукусима" оқиғасынан кейін билік "АЭС тиімсіз" деп шешті. Келесі кезекте Бецнау қаласындағы атом электр станциясы тұр. Алайда оның нақты қашан жабылатыны әзірге белгісіз.

Осылайша, жергілікті билік 2017 жылғы референдумда мақұлданған ядролық энергетикадан бас тарту жобасын біртіндеп іске асыра бастады. Алдағы уақытта билік тек желдің қуаты мен күн энергиясын пайдалануды көздеп отыр.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Швейцарияға көрші тұрған Германия атом электр станцияларынан 2022 жылға қарай бас тартуы керек.

Жалпы әлем бойынша бүгінде 451 атом электр станциясы бар. АЭС саны көп елдердің тізімінде көш бастап тұрған – АҚШ елі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков