USD
USD
USD

Шүменовті босатып жіберген полицейлер жұмыстан шығарылды

Астанадағы  сауда әрі ойын-сауық орталығында болған бұзақылық фактісінен кейін боксшы Бейбіт Шүменовтің ісіне қатысты тексеру жүргізіліп, қызметіне салғырт қараған полицейлер жазаланды, деп хабарлады  қалалық Полиция департаменті.

Шүменовті босатып жіберген полицейлер жұмыстан шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тексеру қорытындысы бойынша Есіл ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторы қызметінен босатылды.

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кезекшісі және полицияның аға учаскелік инспекторы қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту алды.

Есіл ауданы Полиция басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылды, ал аудандық басқарманың басшысына сөгіс жарияланды.

Еске салайық, спортшы Бейбіт Шүменовке мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Ол 18 маусымда Астанадағы «Mega Silkway» сауда ойын-сауық орталығында қолына бала ұстаған ер адамды ұрып-соқты деп айыпталады.

Елорданың Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген

ДСҰ-ға мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі есе өсті

ДСҰ және Қазақстан туы