USD
USD
USD

Шүлбі су қоймасынан 6,32 млрд текше метр су жіберілді

Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы Шүлбі су қоймасынан Ертіс өзені арқылы экологиялық мақсаттағы су жіберу шаралары аясында шамамен 6,32 млрд текше метр су жіберілді.

Шүлбі
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ертіс бассейндік инспекциясының 2025 жылдың тоғыз айында атқарылған жұмысы туралы есебін тыңдады.

Судың экологиялық мақсатта жіберілуі нәтижесінде Павлодар облысында шамамен 305 мың гектар жер суарылды. Бұл былтырмен салыстырғанда 27,5 мың гектарға артық.

Биыл Ертіс бассейндік инспекциясының мамандары су заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында 58 тексеру жүргізіп, 25 млн теңге көлемінде 52 әкімшілік айыппұл салды.

2025-2027 жылдарға арналған өзендер мен көлдерді санациялау жөніндегі жол картасы аясында Абай облысында ұзындығы 15 шақырымды құрайтын Кіндікті мен Көкпекті өзендерінің учаскелерін тазарту жұмыстары аяқталды.

«Экологиялық мақсатта су жіберу жұмыстары жыл сайын экожүйелер мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау, сондай-ақ су нысандарын ластанудан және таусылудан қорғау мақсатында жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, су жіберу арқылы шалғындықтар мен табиғи жайылымдар суарылады. Бұл мал шаруашылығының жем-шөп қорын қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етеді»,

– деді Ертіс бассейндік инспекциясының басшысы Медет Жәдігерұлы.

Қазір оқып жатыр

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Тұрғын үй

Кәрім Мәсімовтің экс-күйеу баласынан «Достық» станциясындағы терминал тәркіленді

Азамат Қапенов

15 сәуірден бастап мобильді аударымдарды тексеру басталады. Нені ескеру керек?

аударым

Уағызшы Дарын Мубаров жауапқа тартылды

Дарын Мубаров