Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шұғыл түрде іс-шаралар қолдануымыз керек: Тоқаев мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр.

Шұғыл түрде іс-шаралар қолдануымыз керек: Тоқаев мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Президент соңғы кезде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артып кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, шұғыл түрде шаралау қабылдау керектігін айтты.

“Күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бір апта бұрын осы мәселені Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырдық. Сол кезде Үкімет ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдеген болатын.

Бірақ, өкінішке қарай, жағдай жақсаратын емес. Керісінше, эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Әсіресе елордадағы жағдай өте күрделі. Өңірлердің басым бөлігі қызыл аймақта. Ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп барады.

Ең өкініштісі, азаматтарымыздан айырылып жатырмыз. Сондықтан шұғыл түрде іс-шараларды қолдануымыз керек. Тиісті жұмыс жоспарын дайындап, оны міндетті түрде іске асыруымыз қажет”, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы халықты вакцинациялаудың маңыздылығын атап өтті. 

“Біздің ең өзекті мақсатымыз – вирустың таралуын тоқтату емес. Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу”, – дейді мемлекет басшысы. 

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық