USD
USD
USD

Шұғыл! Қаза тапқандардың саны 170-ке жетті, ДСҰ алаңдаулы

Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 170-ке жетті. Әлем бойынша вирус жұқтырған 7711 адам анықталған. Бұлардың көпшілігі Қытайда.  Бұл туралы South China Morning Post басылымы хабарлады.

Шұғыл! Қаза тапқандардың саны 170-ке жетті, ДСҰ алаңдаулы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2019-nCoV деген атауға ие болған вирустың  ең көп құрбандығы Хубэй провинциясында екен. Дерт ошағында көз жұмғандардың саны – 162 адам. Өлген адамдардың саны сағат санап артып барады. Кеше ғана вирусты 5 974 адам жұқтырғаны, 132 адам өлгені ресми хабарланған. Бұдан бөлек, дерт Хубэй провинциясын ғана емес, бүкіл Қытайды қамтып үлгерді. Вирус тіпті Тибеттен де табылған.

Ақпарат көздері түрлі дерек жариялап жатыр. Кейбір дереккөздер дерт жұқтырғандардың саны он мыңға жақындағанын жазды.

Дерт ошағына барған Қытайдың мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ли Кэцян жағдайды «қиын әрі қауіпті» деп бағалады.

Коронавирустың тым тез тарап жатқанына алаңдаған Денсаулық сақтау дүниежүзілік ұйымы бүгін – 30 қаңтарда шұғыл жиын өткізбек.

Ұйым таратқан хабарламада былай делінген: «ДСҰ директоры коронавирустың тез тарауына байланысты бейсенбі, 30 қаңтар күні төтенше комитет жиынын өткізеді».

Өткен аптада ғана ұйымның жиыны өтіп, «коронавирус әлемге қауіп төндіріп тұрған жоқ» деп мәлімдеген-ді. Енді міне, қайтадан шұғыл жиын шақырып отыр. Яғн жағдай тым ушығып барады деген сөз.

ДСҰ мәліметінше, коронавирус Қытайдан өзге 15 мемлекетте табылған. ДСҰ-ның бағдарламалар жөніндегі атқарушы директоры Майкл Райан «вирусқа қарсы бүкіл әлем шара қолданып, кез келген жағдайға дайын болуы керек» деп мәлімдеді.  

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

.

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

.

21 наурыз – «Ынтымақ күні»

.