USD
USD
USD

Шуда оқ-дәрі салынған сөмке табылды

Шуда оқ-дәрі салынған сөмке табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шуда оқ-дәрі салынған сөмке табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатында Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен “Қару” іс-шарасы аясында Шу қаласының темір жол өткелінің жанында орналасқан қараусыз қалған ғимараттан сөмке табылды.

Табылған сөмкенің ішінен 12 калибрлі ИЖ екі ұңғылы тегіс ұңғылы мылтық, 12 калибрлі ТОЗ-63  кесілген қос ұңғылы мылтық, жарық шу гранатасы, 91 түрлі калибрлі патрон, 1 жұп тізе таңғыш және дене сауытының қабы табылды.

– Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және сараптама тағайындалды, – деді ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс