USD
USD
USD

Шуда «мектепке бомба қойылды» деп өтірік айтқан жас жігіт ұсталды

Жамбыл облысы Шу ауданының полицейлері жалған лаңкесті ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Шуда «мектепке бомба қойылды» деп өтірік айтқан жас жігіт ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шу ауданы полиция бөліміне белгісіз тұлға қоңырау шалып, Шу ауданы Төлеби ауылында орналасқан М.Әуезов атындағы орта мектептің ғимаратында жарылғыш құрылғы орнатылғанын, яғни алдын ала дайындалған терроризм актісі туралы хабарлаған.

Полиция қызметкерлері жедел түрде тиісті шара қолданып, мектеп ғимаратынан 300-ден астам адамды эвакуациялады..

«Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат анықталмады. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында аталған қылмысты жасаған Шу ауданының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 273 бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Күдікті кінәсін толық мойындап, Шу ауданы уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе