USD
USD
USD

Шуда екі қытайлық азамат тексерілді

Жамбыл облысындағы Шу темір жол станциясында коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі Қытай азаматын пойыздан түсіріліп, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін, екі жолаушының дені сау екені анықталған, – деп хабарлайды Шу қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шуда екі қытайлық азамат тексерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шу қаласының вокзалында коронавирус жұқтырды деген күдікпен пойыздың тоқтатылғаны туралы мәліметтер тараған. WhatsApp мессенджері арқылы куәгерлер оқиға орнында түсірілген суреттерді таратқан, онда дәрігерлер арнайы костюмдер киіп, пойызға қарай жүгірген.  Шу қалалық орталық аудандық ауруханасының бас дәрігерінің мәліметінше, 29 қаңтарда Сарыағаш – Нұр-Сұлтан бағытында жүретін № 86 пойыздан түсірілген Қытай азаматтарынан ешқандай вирус белгілері анықталмаған.

Сонымен қатар, арнай жасақ өкілдері пойыз жолаушыларын қарап шыққан, ешкімнен коронавирус анықталмаған.  «Түшкірді деп күдік келтірген қытай азаматтары аудандық жұқпалы аурухана бөліміне жеткізілді. Азаматтарды тексеру нәтижесінде вирус белгілерінің жоқ екендігі анықталып отыр. Облыстық деңгейдегі эпидемиологтардың нәтижесі белгілі болғанша жағдай бақылауда болады. ​Ауданымызда қауіпті індеттің алдын алу үшін арнайы жабдықталған жедел жәрдем жұмыс жасайтындығын ескертеміз.​ Аудан тұрғындарының дүрлікпеуін сұраймыз», –  делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

.

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

.

21 наурыз – «Ынтымақ күні»

.