Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шуда 9 жасар екі балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікті ұсталды

Жамбыл облысында Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны 9 жастағы екі жеткіншекті ұзақ уақыттан бері зорлап келген.

Шуда 9 жасар екі балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үшінші сынып оқушыларына азғындық жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ағымдағы жылдың 6 мамырында Шу аудандық полиция бөліміне 43 жастағы жергілікті тұрғын хабарласты. Ол 2022 жылдың наурыз айының басында қараусыз қалған ғимаратта белгісіз ер адамның өзінің кәмелетке толмаған ұлы мен онымен жасты досына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын айтып арызданған.

«Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚК 121-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты Шу аудандық сотымен қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды» делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Бүгінгі таңда ол бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған. Еске сала кетейік, осыған дейін Жамбыл облысы Жуалы ауданында автобус пен трактор соқтығысып, екі адам қаза тапқанын жазған болатынбыз. Ауруханаға 33 адам қаралып, олардың үшеуі жансақтау бөліміне жатқызылған. жол апатына түскен Өзбекстан Республикасында тіркелген автобуста болған жолаушылар мен жүргізушілердің туыстары мен жақындарына психологиялық көмек көрсету бойынша жедел желі телефондары ашылды.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар