USD
USD
USD

Щучинсктегі жарылыс: Қаза тапқандардың отбасына 4 млн теңгеден төленді

Бұл жөнінде Ақмола облыстық әкімдігі хабарлады.

Жарылыс
Фото: 112

Астана, NEGE. Әкімдік мәліметінше, қаза тапқан 6 адамның отбасына 2 млн теңгеден біржолғы төлем берілді. Дәмхана иесі қосымша 2 миллион теңгеден төледі. 

«Өмірлік қиын жағдайға тап болған 5 отбасының несиелері демеушілік қаражат есебінен өтелетін болады. Сондай-ақ заңнамаға сәйкес әлеуметтік төлемдер тағайындалды», – делінген хабарламада.

Облыс әкімі жедел штаб мүшелеріне зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді, медициналық көмектің уақытылы көрсетілуін және жедел жәрдем бригадаларының тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыруды, сондай-ақ оқиға себептерін объективті тергеуді, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды және қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Еске салайық, 27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан бір қабатты дәмханада газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт шыққан. Оқиға салдарынан 28 адам зардап шегіп, 5 адам оқиға орнында қаза тапты, тағы екі адам ауруханада көз жұмды. Қайтыс болғандардың арасында кәмелетке толмаған бір бала бар.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

.

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

.

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

.

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Теңізшевройл