USD
USD
USD

Щучинсктегі әскери колледжде карантин жарияланды

Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде білім алушылар арасында қызылша анықталуына байланысты карантин жарияланды.

instagram/askeri_kolledzh
Фото: instagram/askeri_kolledzh

Астана, NEGE. Колледждің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұқпалы ауру кадеттер демалыстан оралғаннан кейін байқалған. Ауру сырттан әкелінуі мүмкін деген болжам айтылуда.

«Бүгінгі таңда 66 кадет бейінді медициналық ұйымның бақылауында. Екі жағдайда ауру асқынумен өтуде, науқастар мамандандырылған медициналық көмек алуда, олардың жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады. Колледжде байланыста болған тұлғалар анықталып, оқшауланды», – делінген хабарламада. 

Колледж өкілдері барлық науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын, олардың денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланып отырғанын атап өтеді.

Инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында оқу орнында карантин жарияланған.

«Медициналық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту бойынша қосымша шаралар ұйымдастырылып, жеке құрамның денсаулық жағдайына мониторинг күшейтілді», – деп хабарлады олар.

Жағдай Қорғаныс министрлігінің және денсаулық сақтау органдарының бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

сыйақы

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы

Алматыда «Ұмай» ипотекасы дүрбелең туғызды: Отбасы банк себебін түсіндірді

кезекте тұрған әйелдер

Иран азаматы асқазанындағы 113 капсула апиынмен Қазақстан аумағына кірмек болған

Күдікті