Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Щучинск қаласында тұрғын үйден өрт шығып, екі адам қаза тапты

Ақмола облысы, Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйде өрт орын алды. Өрт салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Щучинск
Фото: t.me/qr_tjm

Алматы, NEGE. "Бүгін Бурабай ауданы Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйде өрт орын алды. Өртті сөндіруге 7 бірлік техника мен жеке құрамның 22 адамы жұмылдырылды. Үй толығымен ағаш құрылымдардан тұрғызылғандықтан және отқа төзімділіктің 5 дәрежесіне жататындықтан өртті сөндіру жоғары өрт жүктемесімен қиындаған болатын. Өрт толығымен сөндірілді",- деп хабарлайды Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрт сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Сонымен қатар облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырды.

Электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз;

Жылыту пештерін қараусыз қалдырмаңыз және оларды ұзақ уақыт қыздырмаңыз;

Электр жабдықтары мен электр сымдарының жарамды күйін қадағалаңыз;

Қосылған электр тұрмыстық және газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;

Ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Қазір оқып жатыр

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример

Абай күнінде «Әділет» партиясының кандидаттары ақынның Семейдегі ескерткішіне тағзым етті

«Әділет» партиясы

Нұрай Серікбайдың отбасы сотталушыдан неге 10 млрд теңге талап еткенін түсіндірді

Нұрай Серікбай