USD
USD
USD

Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытуға 137 миллиард теңге жұмсалмақ

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

Б
Фото: Petrotur.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, елорда іргесіндегі Щучинск-Бурабай курорттық аймағын (ЩБКА) дамыту жөніндегі Президент тапсырмасын орындау мақсатында Туризм және спорт министрлігі Ақмола әкімдігімен бірлесіп, кешенді жоспарды әзірледі.

Құжатқа наурыз айының басында Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойып, бекітті. Кешенді жоспарға сәйкес, ЩБКА территориясында жыл он екі ай тоқтаусыз жұмыс істейтін жаңа туристік объектілер, тынығуды сауықтырумен үйлестіруге мүмкіндік ұсынатын рекреациялық аймақтар, визит-орталықтар пайда болады. Көлік инфрақұрылымы жетілдіріледі. Қотыркөл, Жүкей көлдерінде де глэмпингке арналған аймақтар, балаларға арналған орталықтар, жыл бойғы аквапарк және басқасы салынуға тиіс.

2025-2029 жылдарды қамтитын бұл жоспар 118 іс-шарадан тұрады. Оларды қаржыландыру үшін жалпы сомасы 137 миллиард 253,4 миллион теңге жұмсалады. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 45 млрд 676,8 млн теңге, жергілікті бюджеттен – 27 млрд 534,6 млн теңге, квазимемлекеттік сектор, инвесторлар және бюджеттен тыс қаражаттар есебінен – 64 млрд 42 млн теңге жұмсалмақ.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

сыйақы

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы

Алматыда «Ұмай» ипотекасы дүрбелең туғызды: Отбасы банк себебін түсіндірді

кезекте тұрған әйелдер

Иран азаматы асқазанындағы 113 капсула апиынмен Қазақстан аумағына кірмек болған

Күдікті