USD
USD
USD

Шұбаркөл көмірінен тыңайтқыш өндірле бастады

Қарағанды облысындағы Шұбаркөл кен орнында пайдалануға жарамсыз көмірден тыңайтқыш шығарыла бастады. Бұрын соның бәрі сыртта үйіліп жатқан, деп хабарлады облыстық әкімдік

Шұбаркөл көмірінен тыңайтқыш өндірле бастады
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE.Тыңайтқыш шығару үшін "Батыс" разрезінде тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғы салынды. Соның негізінде бір ауысымда 1,5 тонна гуминді тыңайтқыш өндіріледі. Оған дейін ғалымдармен бірлесіп, үлкен жұмыс атқарылды.

"Бұл өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату жөніндегі маңызды экологиялық жоба, өйткені бұрын тозған көмір үйінділер ретінде жинақталған болатын. Гуминді тыңайтқыштар табиғи органикалық заттар – гуматтардан тұратын препараттар. Оларды барлық дерлік дақылдарды өсіруде қолдануға болады. Олар дақылдардың қалыптасуына, өсуіне және нығаюына оң әсер етеді", – дейді "Шұбаркөл Көмір" АҚ ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының менеджері Елена Мартынова.

Өнім ауыл шаруашылығында сұранысқа ие болады деген болжам бар. Кәсіпорын да көктемгі ағаш отырғызу кезінде өзінің жаңа өнімдерін пайдаланған. Компания Нұра ауданы Шұбаркөл ауылын және Қарағанды облысының басқа да елді мекендерін көгалдандыруға көмектеседі.

Қазір оқып жатыр

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент