USD
USD
USD

Шу тұрғыны көлігімен есірткі тасыған

Шу қаласы тұрғынының көлігінен бір келі есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шу тұрғыны көлігімен есірткі тасыған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 8 мамыр күні Шу ауданында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Daewoo” көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру барысында 40 жастағы жолаушыдан бір килограммға жуық “гашиш” есірткі затын тәркіледі. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.