USD
USD
USD

Шу станциясында Алматы облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде есірткі тәркіленді

10 қаңтарында қызметтік-іздестіру ит Шу станциясының темір жол вокзалының перронында Алматы облысының тұрғынын есірткі зат тапты, деп хабарлайды Полиция.

Шу станциясында Алматы облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде есірткі тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның сөмкесінен жалпы салмағы 12 келі 480 грамм «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев айтты.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296 - бабы 4-бөлігі, яғни есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - деді Малыбаев.                                                                                                   

Күдікті Шу ауданында жабайы қарасора жинап, оларды Алматы қаласына темір жол көлігімен тасымалдауды жоспарлағаны анықталды.  «Қазіргі уақытта ұсталған азамат полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізілуде», - деп түйіндеді сөзін полиция полковнигі.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова