USD
USD
USD

Шу тұрғынынан құны 5 млн теңге болатын гашиш тәркіленді

Жамбыл облысында есірткі трафигі арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру іс-шаралары Шу ауданы Төле би ауылында ПД ЕҚҚІБ және ҰҚКД қызметкерлерімен жүргізілді. Нәтижесінде есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 25 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Күдіктіден ішінде гашиш есірткі құралы бар полиэтилен қапшығы тәркіленді. Ер адам тыйым салынған заттарды Алматы қаласында сату үшін сақтаған.

– Алынған заттың жалпы салмағы 14 келі 20 грамм – бұл шамамен 5600 дозаны құрайды. Олардың қара нарықтағы жалпы құны 5 млн теңгеден асады. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж