USD
USD
USD

Шри-Ланкада наразы топ президенттің үйіне басып кіріп, отставкаға кетуін талап етті

Шри-Ланка астанасы Коломбода мыңдаған демонстранттар полиция қоршауын бұзып өтіп, президент резиденциясына кірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Шри-Ланкада наразы топ президенттің үйіне басып кіріп, отставкаға кетуін талап етті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ВВС агенттігінің мәліметінше, ел экономикалық дағдарысқа ұшырады, наразылық биылғы наурыз айынан бері басылмай отыр.

Шри-Ланканың премьер-министрі Ранил Викрмесингхе өз партиясының жетекшілерін шұғыл жиналысқа шақырып, спикерге парламент мүшелерін дереу жинауды бұйырды.

Сенбі күнгі жаппай шеру - ауыр экономикалық дағдарысқа ұшыраған арал еліндегі биылғы ең ірі наразылық шараларының бірі. Полиция шерушілерді тарату үшін су атқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолданған.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, президент Готабай Раджапакса демалыс күндері болатын наразылық туралы ескертуге байланысты жұма күні резиденциясынан шығарылды.

Шри-Ланка 1948 жылы Ұлыбритания қарамағынан шыққаннан бері ең ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіп жатыр. Елде жанар-жағармай тапшылығы қатты сезілуде, сонымен қатар азық-түлік пен дәрі-дәрмек жетіспеушілігі байқалады.

Өткен айда елдегі инфляция көрсеткіші 50 пайыздан асты. Шри-Ланка тұрғындары биліктің әрекетсіздігіне ашуланып, президенттің отставкаға кетуін талап етіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар