USD
USD
USD

Шри-ланкада мемлекеттік төңкеріс бола жаздады

Шри-Ланка билігі "Араб көктемі" стиліндегі мемлекеттік төңкерістің алдын алды.

Шри-ланкада мемлекеттік төңкеріс бола жаздады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ел басшылығын түсіру әрекеті коменданттық сағат пен қоғамдық орындарда жиналуға тыйым салынғанына қарамастан ұйымдастырылды. 

Полиция мәліметінше, Батыс провинцияда сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін 664 адам қамауға алынған. Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса наразылық акциялары аясында елде төтенше жағдай режимін енгізді. Сондай-ақ, аралда коменданттық сағат жарияланды, барлық әлеуметтік желі бұғатталды.

Шри-Ланка коронавирус пандемиясына байланысты экономикалық дағдарысты бастан кешіп жатыр, туризмнің құлдырауына байланысты шетел валютасының күрт төмендеуі елдегі отын тапшылығына әкелді. Аралда азық-түлік пен қажетті заттардың жетіспеушілігі байқалады. Мемлекеттің көптеген ауданында үнемі электр қуаты сөніп қалады.

Араб көктемі - 2010 жылдары араб әлемінің көп бөлігінде болған үкіметке қарсы наразылықтар мен қарулы көтерілістер. Ол сыбайлас жемқорлық пен экономикалық тоқырауға жауап ретінде басталған, алғашқысы Тунисте болды. Әрі қарай наразылықтар Ливия, Мысыр, Йемен, Сирия және Бахрейнге жетті, онда ел басшылығы құлатылды немесе ірі көтерілістер, соның ішінде тәртіпсіздіктер, азаматтық соғыс я көтерілістер болды.

Еске салайық, бұған дейін Шри-Ланкада наразылықтарға байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.

Қазір оқып жатыр

Ресей, Қытай және АҚШ басшылары бейбітшілік туралы декларация қабылдады

Владимир Путин, Си Цзиньпин, Дональд Трамп

Петропавл жастары ЖИ көмегімен өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жолдарын ұсынды

ЭкоХакатон қатысушылары

Өзбекстандық профессор Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен 10 жылға сотталды

Икболжон Корабоев

«Қоластындағы қызметкерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген»: полиция полковнигіне 6 млн теңгедей айыппұл салынды

Данияр Мейірхан