Референдум Референдум
USD
USD
USD

«Шпекбаевтың мерекелік себеті»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев кеше өздерінің кәсіби мерекесі (9 желтоқсан – сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық күні –

«Шпекбаевтың мерекелік себеті»
Фото: NEGE.kz

ред.) күні Фейсбуктегі парақшасы арқылы мемлекеттік қызметкерлерге «сәлем» жолдады.

Шпекбаевтың әлеуметтік желідегі жазбасы, негізінен, жемқорлыққа қарсы стратегияның алғашқы бес жылына арналған. Бірақ біз оған тоқталып жатпай-ақ қояйық. Жетістіктерін айта келе, төраға бүй дейді: «Әлі де бәрі керемет емес. Сыйлықтар алуға, дастарқан жаюға, іссапарлер кезінде тексерушілерге иіліп төсек, жазылып жастық болуға, қарамағындағыларды шамадан тыс жұмысқа жегуге, өзге де қызмет бабын асыра пайдалануға жол бермеу керек екенін шынайы түсінетін уақыт жетті.

Мерекенің алдында мемлекеттік қызметкерлердің есіне салғым келеді, символикалық сыйлық немесе сый-сыяпат салынған әйгілі себет алу – жемқорлыққа қарсы заң мен этика талаптарын өрескел бұзу болып саналады».

Біздің пайымдауымызша, агенттік төрағасы «мерекелік себет» туралы бекер айтып отырған жоқ. Жалпы, «сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық күні» деген атаулы датаның пайда болу тарихы да қызық. Бұл күнді ойлап тапқан – америкалық журналистер. Қалай дейсіз ғой? Ақша салынған әмиянды полицейлердің көзіне түсетін жерге тастап, оның қаншауы заңды иесін табатынын тексерген. Оның көпшілігі иесіне қайтпаған. Осы деректердің негізінде журналистер зерттеу жүргізіп, одан соң бұл бастаманы жемқорлықпен күресуші органдар іліп әкетіпті.

Дәл осы күні Ішікі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жемқорлыққа қарсы медиа-орталықта меморандумға қол қойды. Қоғам белсенділері министрден қазақстандық полицейлерді «америкалық тәсілмен» тексеріп көруді ұсыныпты. Министр бұл ұсынысқа келісе қояр ма екен? Қанша дегенмен қазақстандық полицей мен «америкалық коптың» айырмашылығы жер мен көктей ғой...

Қоғам белсенділері Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа әлгіндей ұсыныс айтса, NEGE.KZ порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевға тәжірибе жасап көруді ұсынады.

Мәселен, мереке қарсаңында төраға ең алдымен қоластындағы қызметкерлерін тексерсін. Шартты түрде айталық, «сый-сыяпат салынған себетті» америкалық тәсілмен өз қызметкерлеріне ұсынып, қаншауы қалтада қалатынын, нешеуі кері қайтатынын анықтасын. Және бұған «Шпекбаевтың мерекелік себеті» деген құпия атау берсе, тіпті қатып кетейін деп тұр...

Nege.kz  

Қазір оқып жатыр

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Әскери адам, сарбаз

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны