Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шпекбаев Алматы облысы әкімдіктерін тексеріп, ескерту жасады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барып, Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметімен танысты.

Шпекбаев Алматы облысы әкімдіктерін тексеріп,  ескерту жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  Қарасай және Іле аудандарының ауылдық округ әкімдіктерін бағдарламадан тыс, ескертусіз аралау барысында Антикор басшысы бірқатар ескерту жасап, қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшу қажеттілігі туралы ұсыныстар берді.

Келесі нысан Қарасай ауданы Береке кентінің Мәдениет үйі болды, онда Антикор мен Мәдениет пен спорт министрлігінің «Парасат жолы» жобасы өз жұмысын бастады.

Жергілікті тұрғындар осы бастаманы қолдай отырып, қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілету жұмыстарына дайын екендіктерін білдірді. 

Іле ауданының Өтеген батыр кентінде Алик Шпекбаев Алматы облысының азаматтық сектор, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшыларымен кездесті.

Кездесу соңында агенттік төрағасына Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының өңірде қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша жұмысы таныстырылып, азаматтық сектор өкілдері жемқорлықтың алдын алуға арналған алдағы жоспарларымен бөлісті.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық