Шотландия Ұлыбританияның рұқсатынсыз референдум өткізе ме?

Шотландия Ұлыбритания билігінің рұқсатынсыз референдум өткізе ала ма? Тұманды Альбионның Жоғарғы Сотында осы мәселеге қатысты тыңдаулар өтті. Бұл туралы 24 Хабардың Лондондағы тілшісі хабарлады.
Алматы, NEGE. Сот процесін өткізу бастамасын Шотландияның бірінші министрі, әрі Шотландия ұлттық партиясының көшбасшысы Никола Стерджен көтерді. Ол Ұлыбритания құрамынан шығу туралы референдум өткізуді тура бір жылдан кейін жоспарлап отыр. Бірақ ресми Лондон бұған үзілді-кесілді қарсы. Референдум бұған дейін, яғни 2014 жылы өткізілген.. Оған қатысушылардың 55 проценті Эдинбург пен Лондон арасындағы одақ сақталсын деп дауыс берді. Бірақ Шотландия ұлттық партиясы дауыс берудің тағы өткенін қалайды. Өйткені бірінші референдумнан кейін Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан шықты, ал шотландтардың басым көпшілігі бұған қарсы болды.
8 жыл бұрын Ұлыбритания парламенті тиісті ордер бергеннен кейін референдум өткізу мүмкін болған еді. 2017 жылы Шотланд ұлтшылдары тағы да ордер сұрады, бірақ ол өтініштері қанағаттандырылмады. Енді Никола Стерджен Ұлыбританияның Жоғарғы сотына жүгініп, мәселені шешуге бел буды. Сот төрағасы ақырғы шешім шығару үшін күту керек дейді.
Қазірдің өзінде Шотландия халқының 52 проценті егемен ел болғанымызды қалайды. Ұлыбритания құрамынан шығуды қолдайтындар, әсіресе, жастар арасында көп. Егер Шотландия тәуелсіздікке қол жеткізсе, Ұлыбританияға теріс бұрылмаймыз - терезесі тең мемлекет ретінде әріптестік орнатамыз. Шотландияның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуына толық мүмкіндігі бар дейді сарапшылар. Бірақ бұл өте ұзақ жол. Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы үшін төрт жарым жыл қажет болды. Ал Эдинбургтің Лондонмен ресми түрде қош айтысуына одан да көп уақыт кетуі мүмкін.