Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шошқа субсидиясы көрші елдер нарығында бар

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі соңғы уақытта қоғамда кеңінен талқыға түскен шошқа етін өндіруге субсидия беру мәселесіне қатысты мән-жайды түсіндірді.

Шошқа субсидиясы көрші елдер нарығында бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қоғамда түрлі пікір тудырған тақырып бойынша мынандай ақпарат ұсынамыз. Мемлекет әрқашан экономикалық тұрғыдан тиімді болу үшін көршілес елдердің сұранысына мән беріп, нарықтағы тұтынушы талабын ескереді. Қазақстанда 2018 жылдан бастап шошқа етін өндіруді субсидиялау тоқтатылған. Бұл шошқа өндірісіне мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемінің 2 есе азайғанын көрсетеді. Қазіргі уақытта салада тек екі субсидия бар: асылдандыру мен өсіруге кеткен шығындарды өтеу. Алайда, өткен жылы бұл субсидияны тек бір шаруа қожалығы ғана пайдаланып, небары 6 бас мал алынды», - деді министрліктен. Ведомство мәліметінше, 1991 жылы Қазақстанда 2,9 миллион бас шошқа болса, ал 2018 жылы оның саны 800 мыңға дейін азайған. «2019 жылға қарай Қазақстандағы шошқа санының артуы шошқа еті экспортының өсуіне әсер етті. Егер 2017 жылы Қазақстан шетелге 300 тоннаға жуық ет сатса, былтыр ол 800 тоннаға жетті. Осы кезең ішінде шошқа етінің ішкі тұтыну үлесі 8 пайызға төмендеді», -делінген таратылған ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді