USD
USD
USD

Шошқа фермасында 4 жұмысшы қайтыс болды

1 тамыз сағат 23:25-те СҚО Тайынша ауданының полиция бөліміне Новоивановка ауылында орналасқан шошқа өсіру кешеніндегі жұмыс орнынан ауысым аяқталған соң төрт жұмысшы шықпағаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Полиция. 

Шошқа фермасында 4 жұмысшы қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Іздестіру шаралары барысында олардың денелері осы кешендегі кәріз құдығының түбінен табылды. Алдын ала анықталғандай, 1966, 1991, 1995 және 2000 жылдары туған жұмысшылар кәріз құдығын тазалау кезінде иістен уланған. Олардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Аталған факті ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігі “Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу” бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.

Істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады. 

Оқиға орнында СҚО әкімі Айдарбек Сапаров, әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров пен Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов жағдайды бақылауда.

Қазір оқып жатыр

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген

ДСҰ-ға мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі есе өсті

ДСҰ және Қазақстан туы